- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Су астындағы өмірді...
Су астындағы өмірді жаны сүйетіндерге арналған қонақүй
Теңіз астындағы тыныс-тіршілікпен енді сіз қонақүй нөмірінен шықпай-ақ таныса аласыз. Осындай естен кетпес мүмкіндікті жақында Африка құрлығының шығыс жағалауынан ашылған Manta Resorts су астындағы қонақүйі сыйлайды.
Бұл қонақүйдегі нөмір су астында 4 метр тереңдікте орналасқан. Ерекше қонақүйдің жобасын Genberg Underwater Hotels атты швед компаниясы жасап шыққан екен.
Бұл жерде сіз теңіз астындағы керемет көріністі 360 градуста рақаттанып тамашалай аласыз. Ал егер сіз бұған да қанағаттанбасаңыз, онда үстіңізге арнайы жабдықтарды киіп, теңіз астына өзіңіз-ақ сапар шегуге әбден болады.
Егер бұл қонақүй сіздің қызығушылығыңызды тудырған болса, бірден мына мекенжайға аттаныңыз: Manta Resorts суасты қонақүйі Пемба аралында (Танзания мемлекетіне тиесілі Занзибар архипелагының үш аралылының бірі), Үнді мұхитының су асты фаунасы мен флорасына бай жағажайынан орын тепкен.
Дегенмен осындай «жұмақтағы мекенде» уақыт өткізу құны да арзан емес. Егер тәуекел десеңіз, онда бір түн үшін қалтаңызды 1500 АҚШ долларына жұқартасыз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: designboom.com
Б. Қосмағамбет