Deep Ocean Technology польшалық компаниясы суасты қонақүйінің ерекше жобасын ұсынды. Water Discus Hotel деп аталатын бұл жоба Дубайдағы Персид шығанағында салынуы мүмкін.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл демалыс орны су астындағы жұмақ іспеттес болмақ. Әлемдегі бай туристерге бұл орын нағыз жанға жайлы орын болады деп күтілуде.
Отельдің ішкі көрінісі
Қонақтар отель терезелерінен мұхит түбіндегі өмірге назар салып, қызыққа бататын болады. Ал құрылыстың өзіне келер болсақ, ғимарат диск формасындағы бірнеше қабаттан тұратын болады. Олардың арасын арнайы суасты лифті байланыстырып тұрады екен. Қонақүйдегі номерлердің саны - 200. Сонымен қатар, түрлі барлар мен дайв-орталықтар туристерге қызмет етеді.
Отельдің сыртқы көрінісі
10 метр тереңдікте орналасатын бұл отельдің қонақтары арнайы жарықтандырудың әсерінен мұхит фаунасы мен флорасын айқын етіп суретке түсіре алатын болады.
Отель номері
2006 жылы Дубайда $300 млн қаржыға басқа су асты қонақүйі салынады деп жоспарланған болатын. Дегенмен бұл идея аяқсыз қалып, сиырқұйымшақтанып барып, ұмытылып кеткен еді. Енді Deep Ocean Technology компаниясының жобасы мақұлданып, құрылыс басталуы мүмкін.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/wfV6ElBu_VA&feature","width":"425","height":"350"});
суреттер: techvesti.ru