Су астынан 240 тонна күміс табылды

1941 жылы батып кеткен транспорттық кемеден 48 тонна күміс көтеріліп алынды. Британдық кеме ирландиялық Голуэй қаласынан 300 миль қашықтықта жатқан болатын. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

SS Gairsoppa деп аталған кеме 240 тонна күмісті тиеп алып келе жатқан жерінен неміс су асты кемесінің жіберген торпедасының себебінен су астына батып кете барды. Оқиға кезінде кемеде 85 экипаж болған. Осылардың ішінен тек капитанның екінші көмекшісі Ричард Айрес қана тірі қалған болатын. SS Gairsoppa содан бері 4,7 км тереңдікте 72 жыл жатты.

Су асты жұмыстары

Араға жылдар салып, Ұлыбританияның транспорт министрлігі су астында жатқан бағалы металды жағаға шығару ниетімен бір америкалық компаниямен келісім-шартқа отырды. Осылайша, 19 шілде күні жер бетіне 48 тонна күмістің шығарылып, Лондонда қоймада сақтаулы екендігі белгілі болды.

Кеме бортынан ұзын саны 1 203 күміс құймасы шығарылды. Бұл су астындағы байлықтың 20 пайызы ғана. Айта кетелік, компания мен мемлекет арасындағы келісім-шарт бойынша, бағалы металдың 80 пайызына су астында жұмыс жүргізген компания ие болады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/cCsl8hHa8WE","width":"450","height":"256"});

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: youtube.com сайтынан скриншот