Су алыптарын көргіңіз келе ме?

Су алыптарын көргіңіз келе ме?
Фото: unsplash.com

Суасты тұрғындарын қызықтайтын оқырмандарға қызық ақпарат. Ірі балықтардың ерекшелігі мен оларды қалай, қай жерден көруге болатынын осы жазбадан біле аласыздар. 

Кашалот

Кашалот – әлемдегі ең ірі жыртқыш. Мелвиллдің «Моби Дик» шығармасы осы кашалот туралы болатын. Расымен де, кәрі кашалоттарда пигментті ақ реңктер пайда бола бастайды. Бұл адамдардың қартайғанда шаштары ағаратыны сынды. Жасы келген кашалот, тіпті, аппақ болып кетуі мүмкін.

Су астындағы не қайықтағы адамға кашалоттан қауіп жоқ. Ол негізінен ірі кальмарлармен қоректенеді: адамдарды "ұнатпайды". Олар бір жерде шоғырланып жүреді және бір-бірімен эмонционалды байланыста болады. Егер топта біреуі жарақат алса не біреуін қауіп төнсе, қалғандары оны қорғайды. Кит аулау кезінде кашалоттар қорғану үшін қайықтарға шабуыл жасай алады. Қауіп төнсе, гүл шоғыры формасында қоршалып, қорғанады.  

Ашық мұхитта әлемдегі ең ірі жыртқышпен (20 метр) бірге жүзу керемет ұмтылмас естелік сыйлайды. Ең ғажабы – оны үнін есту. Олар 1 км тереңдіктер жүзетін кальмарлармен қоректенеді. Тереңдік өте қараңғы, ал олар өз эхоларының арқасында жемтігін аулайды. Егер ол адамды көріп қалса және қызығушылық танытса, өзіне тән дыбысын шығарады. Оның дыбысын тек құлақпен тыңдап қана қоймайсыз, өне бойыңыз бен денеңіз "естиді".

Кашалотты көру үшін қайда бару керек?

Олар мұхитта жүзеді. Ең қиыны өте терең нүктесінде жүреді. Сондықтан, жағалаудан оларды көре алмайсыз. Тек жанартау аралдарында не тектоникалық бөліктерде көруге болады. Мәселен, Азор, Шри-Ланка аралдарынан. Кейде кашалоттар қармақ қалтқысы секілді су бетіне шығып ұйықтайды. Бұл басқа киттерден айырмашылығы (не ерекшелігі). Сол кезде жанынан көірп өтуге болады. 

Косатка

Косатка – мұхиттағы ең ақылды жыртқыш. Олар отбасымен жүзеді. Арасында ең кәрісі жаңа туылғандарына аулауды үйретеді. Көпшілік акуланы ең ірі жыртқыш деп санайды, алайда косаткалар әлдеқайда арам. Олар тіпті, үлкен ақ акулаларды өлтіре алады. Ақ акуланың желбезегі болмайды, сондықтан үнемі жүзеді, егер акуланың басын төмен қаратып “ұстаса” дем жетпегендей тыпырлап кетеді, тұншығады. Косаткалар бұны біліп алған. Косатка акуланы басын төмен қаратып, біраз уақыт тұрып тұншықтыра салады. Сол себепті, олар косаткадан қашады. Сан-Францискода теңіз мысықтары мекендейтін ара бар, акулалар мен косаткалар “түскі асқа” сол жерге жиі келеді. Егер акулалар косаткаларды көрсе, теріс айнадып кетеді. 

Суда косатка адамға қауіп төндірмейді. Өз азығын тауып жүре береді. Әр косатка жанұясының өз тамақтану рационы бар: бірі теңіз мысығын, бірі балық жейді. Басқасына азық деп қарамайды. Ал дельфинарийлерде адамға шабуыл жасаған жағдайлар адамзат тарихында тіркелген.  

Косатканы көру үшін қайда бару керек?

Оларды көп жерде кездеседі, бірақ кезіктеру қиын. Себебі, косаткадан көбі қорқады, сол үшін өздері де жырақтанып жүреді. Норвегия төңірегінен балық жейтін косатканы кезіктіруге болады, оған қоса, суы тұнығырақ. Ал Камчаткадан және Шантар аралдарынан балық, теңіз мысығымен қоректенетін көшпелі косаткаларды көруге болады.

Ірі ақ акула

Ертеден келе жатқан супержыртқыш. “Jaws” (1975 ж.) фильмінен кейін көпшілік қорқатын да болар. Осы туындыдан кейін жыртқыштарды аулау көбейген. Стивен Спилберг бұл киноны түсіргеніне өкінетінін айтқан. 

Мұхитта ақ акуламен жүзу өте қауіпті. Алайда олар адамға сирек шабуылдайды. Егер шабуылдай қалса, тез қимылдайды, адамның оңай құтылуы қиын. Ал жалпы ақ акуыла адаммен қоректенбейді, себебі олар үшін азық болмайды. Олар екі жағдайда ғана шабуылдауы мүмкін. Бірінші, ақ акуланың стратегиясы – тереңде жатып су бетінде жүзіп жүрген теңіз мысығын аңдиды. Серфинг тақтайы сол теңіз мысығының көлеңкесіне ұқсайды, сол сәтте шап береді. Мысық емесіне көз жеткен соң, өз жөніне кетеді, алайды серфингші аяқсыз қалуы мүмкін не сол сәтте мерт боп кетеді. Екінші, егер қан иісін сезсе, акула өз-өзін ұстай алмайды. Лезде шап береді, себебі ертеден келе жатқан жыртқыш, оның генінде бұл қасиет сақталған: жыбыр еткенді ұстап алады.

Негізі ақ акуламен ашық айдында жүзуге болады, бірақ торда. Торда жыртқыш емес, адам отырады. Бұл акуламен дайвинг деп аталады. Жүйкесін тексергісі келетін және әлемдегі ең жыртқыш суасты тұрғынымен кездескісі келетіндер арасында кеңінен таралған. Бір қызығы, бұндай дайвинг түріне ешқандай сертификат, құрал-жабдық, қабілет керек емес. Су бетіне кесілген балық ілініп тұрады, су бетіне қан төгіледі, акула сол иіске келеді. Ал тор ішіндегі адам сол жайттарды сырттай қарап тұрады. Қауіпті емес, бірақ, адреналинді біраз шайқайды.

Ірі ақ акуланы қайдан көруге болады?

Солтүстік Африка Республикасында – Кейптаунның жанында Гансбай қаласындағы жағалаудан көруге болады.

Көк кит 

Көк кит – ең үлкен жануарлардың бірі. Ұзындығы 35 метрге дейін жетеді, салмағы 160 тоннадан асады. Денесі алып болғандықтан әр қозғалысына көп мөлшерде энергия жұмсайды. Сол себепті, баяу қозғалады, дельфин секілді адам көрген кезде ойнап кете алмайды. 

Алыптығы адамға қауіп төндірмейді. Егер кезіккен балық шоғыры кішкентай болса, аузын айқара ашпайды, себебі, кішкентай азыққа энергия жұмсағысы келмейді. Кит бірнеше рет тыныс алады да, 5-10 минутқа су астына кетеді, сырттан бақылаушы осы уақытта китті көріп, онымен бірге суға сүңгісе болады, бірақ жанына жүзбеу керек.

Китті көру үшін қайда бару керек?

Кит аулаушылардан көп қысым көрген. Қазір мұхиттарда тек бірнеше мыңдаған көк кит бар, Азор және Шри-Ланка аралдарынан жиі кезіктіруге болады, ондағы киттердің ұзындығы 25-27 метр, оларды ергежейлі көк киттер деп атайды.

Г. Берік