- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Студенттер қалашықтары...
Студенттер қалашықтары
Келе жатқан студенттер күніне орай әлемнің ең таңдаулы студенттер қалашықтарымен таныстырып отырмыз.
Пекиндік Цинхуа университеті Цинь әулетінің бұрынғы патша бағы орналасқан жерде 1925 жылы құрылған. Қалашық ішінде жасанды өзендер ағады, ал су бетінен қалқып жүрген әдемі лотостарды көре аласыз. Өзен айналасында көрінісі көз тартар мүсіндер орналастырылған.
Шарлоттсвиллда орналасқан Вирджиния университетінің студенттер қалашығын АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсон 1819 жылы ұйымдастырған.
Принстон университетінің кампусы готикалық стильде салынған.
Британдық Оксфорд университетінің студенттер қалашығы көрген көздің жауын алады.
Кеньон колледжінің қалашығы өзінің жасыл бақтарымен, ерекше мүсіндерімен ерекшеленеді. "Миддл вей" атты көркемсурет аллеясы – көпшіліктің алыстан іздеп келетін көрікті орындарының бірі.
Италиядағы Болонья университетінің қалашығы көне ғимараттарымен танымал.
Калифорниядағы Санта-Крус Тынық Мұхитына жақын орналасқандықтан, қалашықтағы таза ауа, сұлу табиғат, көркем бақтар – студенттердің демалуы үшін таптырмас мекендер.
Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттер қалашығы Алатаудың баурайында орналасқан. Қалашықтың негізін қалаушылардың бірі - Ө. Жолдасбеков.
Суреттер:publicistik.blogspot.com, kaznu.kz
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева