Стамбұлға саяхат

Еуропа мен Азияны жалғап тұрған Стамбұлда бола қалсаңыз, мына жерлерге міндетті түрде барыңыз:

1. Босфор бойымен жүру

Стамбұлдың бар әдемілігін көрем десеңіз, оны су жағынан бақылағаныңыз жөн. Eminonu пирсінен бастап, өзен бойымен жүзетін трамвайлар мен жеке меншік кемелердің түрлісі бар. Олардың біреуіне мініп, Босфор бойымен жүзіңіз. Екі жағажайда орналасқан мұнаралар мен мешіттер, Осман помещиктерінің жерлері және қалың шөпті ну тоғайлар бұғазға ерекше сән беріп тұр.

2. Базар әлеміне саяхат


Қанжығаңызға бір қап ақша мен төзімділігіңізді салып, базар аралауға барыңыз. Ол жердегі базарлар жүздеген жылдар бұрын қандай болса, дәл сол қалпында өзгеріссіз қалған. Гранд базарға кіріп, көптің бірі болып саудаласып та көріңіз. Абай болыңыз: түрлі кілемдер, мәрмәр тастан жасалған бұйымдар, былғарыдан тігілген киімдер және т.б. қызықтырып 5000 дүкенде қатарымен тізіліп тұр.

3. Бір шыны шәй алып, Босфор бұғазында жүзіп жүрген кемелерді бақылаңыз


Жергілікті тұрғындар уақытты осылай өткізгенді жақсы көреді. Жайлы жиһаздары мен дәмі тіл үйірген шәйі бар дәмханалар көптеп орналасқан. Шәй мен түрік тәттілерін жей отырып, лайнерлер мен балық аулап жүрген қайықтарды, судың көктен сұр түске дейін өзгеруін мұқият бақылаңыз.

4. Мешіттерін аралаңыз


Алыстан жалтыраған мұнаралар мен күмбездер – Стамбұлдың басты мақтанышы. Бұл қалаға саяхаттап келгенде, мына мешіттерге де барыңыз: Жаңа мешіт, Көк мешіт, Сүлеймен мешіті.

5. Жер астына түсу


Стамбұлдың жер қойнауында су сақтауға арналған көптеген цистерналар бар. Тарихи цистерналар құрылысымен ерекше болып келеді. Ең атақтысы – Сұлтанахмет алаңының астында жасырылған Базилик. Егер тегін көруге болатынын таңдағыңыз келсе, Теодосиуса цистернасын көруге болады.

6. Көшеден тамақтанып көріңіз


Стамбұлда түрік тағамдары жинақталған мейрамханалар өте көп, алайда Стамбұл дәмін олардың бірде-біреуіне кірмей-ақ татып көрсеңіз болады. Қуырылған хамса, рахат-лукум, мидия қосылған кульки, пістеден жасалған рулеттер. Мұнымен қатар жемістерден жасалған шырындарды да байқап көріңіз, көшеде жасалғанына қарамастан, ерекше дәмді.

7. Алтын мүйіз шығанағын Галата көпірі арқылы бақылаңыз


Заманауи бұл көпір осы күнге дейін Стамбұл тұрғындарының бос уақытында қуана келетін жерлерінің бірі. Оның төменгі палубасына дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Фильмдерде көретініміздей, бұл жерде суға ау салып, балық аулаушылар өте көп.

8. Биікке көтерілу


Стамбұлды бақылауға арналған ең биік алаң – Галатка мұнарасының шыңы мен Левент ауданында орналасқан «Сапфир» зеңгір үйі. Бұл жерлерден түнгі мезгілде бақылаған жақсы. Ешбір түзу жолы жоқ қалаға саяхатыңызды осылайша аяқтауыңызға болады.

9. Принцевы аралы


Принцевы аралы – Мәрмәр теңізіндегі қалың орман мен пейзажды жағажайы бар аралдар тобы. Мұнда барлығы 9 арал жалғасқан. Ішіндегі ең үлкені Брюкадаға барсаңыз, қаланың күйбең тіршілігінен күні бойы демалып қайтасыз. Арал маңын ат жегілген пәуескелерге, ақша үнемдегіңіз келсе, велосипедке отырып қарап шығуға болады. Стамбұлдағы кептеліс пен қала шуының жоқтығына қайран қаласыз, өйткені бұл жерде көлік пен мото көліктерді айдауға тыйым салынған.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: trt.net.tr