Қытайдың Чунцин қаласында смартфонға тәуелді адамдарға арналған жаңадан аяқжол ашылды. Бұл жолда ақ бояумен жүргіншілердің бағыты көрсетілген. Күні бойы телефонынан көз алмайтын жүргіншілер астында көрсетілген белігерге қарап, басқаларға кедергі келтірмей, осы арнайы жолмен діттеген жеріне кете береді.
«Смартфондарға арналған жолақ» қаланың жаяу жүргіншілеріне арналған 30 метрлік жолда жасалған. Бұл тротуар екі жолаққа бөлінген. Бірінші бөлігінде «ұялы телефондарға тыйым салынған» немесе «екінші жолға өтіңіз» деп жазылса, екіншісінде «Жолдың бұл бөлігінде сіз өзіңізді қауіп-қатерге тігудесіз» деген сөздер жазылған. Жаяу жүргіншілер жолының басталар жерінде «Қытайдағы ұялы телефонды адамдарға арналған ең алғашқы аяқжол» деген үлкен белгі қойылған. Бұл жаңа бастама арқылы қытайлық билік өкілдері жолда келе жатқанда смартфонның қаншалықты қауіпті, әрі зиян екендігін қала тұрғындарына ескертпекші.
Қытайлықтардың бұл бастамасының табысты болуын тілей отырып, өзіміздің оқырмандарға да жолда смартфон пайдалану қауіпті екенін ескертеміз.
Дайындаған: Назерке Смағұл
Сурет: twitter.com, cnn.com