Сингапурлық суретші Кен Лай жапондық сурет майталманы Рюсуке Фукаоридің ғаламат техникасын пайдалана отырып, акрил бояулар мен эпоксидті қарамаймен (смола) үш өлшемді ғажайып суреттерді жазады.
Өзіңіз де білетіндей, кейбір суретшілер 3D-суреттерді бір қарандашпен-ақ тудырып жатса, Кен мырза ірі жануарлардың су ішіндегі керемет иллюзияларын асқан болмыс пен шеберліктің арқасында дүниеге әкеледі. Әрине, су іші болғандықтан, ең бірінші қатарда тасбақа, балық, кесіртке секілді су мақұлықтары нысанаға ілінген.
Картинаның сыйымды ыдысы ретінде терең түтікшелер қарастырылады. Эпоксидті қарамай қосу арқылы алғашқы өнер жарығы тұтанады. Аталған еңбектің дүниеге келуі үшін ауыр жұмыс қажет екен.