Шыны ғаламаттары

Шыны ғаламаттары

Cohn-Stone Studios атты калифорниялық студия отыз жылдан астам уақыттан бері қуыс шынылардан кереметтей туындыларды жасап келе жатыр. Мұндағы қолөнер бұйымдарын жасайтын негізгі шеберлер -  Майкл және Моли есімді ерлі-зайыптылар екен.

Жақында Cohn-Stone Studios студиясы ашық аспан астында көрме ұйымдастырды. Көрмеге Atlanta Botanical Garden деген халықаралық дәрежедегі ат берілді. Көрмеге шыныдан жасалған түрлі бұйымдар қойылған.

Cohn-Stone Studios ұсынған бұйымдардың басым бөлігін құрайтын жемістер мен көкөністердің мөлшері - 20-60 см аралығында болып келеді. Бүгінде жемістер мен көкөністер көрменің Edible Garden бөліміне орналастырылған.

Суреттер:liveinternet.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева