Шылымқор орангутанг

Шылымқор орангутанг

Индонезиялық Тори есімді маймыл он жылдан кейін темекіні біржолата тастады. Жастайынан темекі шегуге әуес болған орангутангтың әу баста темекі шегем деген ойына кірмесе керек-ті. Бірақ, зообаққа келген көрермендер қызық көру мақсатында темекіге әуес қылып тастапты. Енді міне араға он жылды салып барып темекіні тастағанды жөн көрді.

Ғылымдағы деректерге сүйенсек, маймыл адамдар жасаған қылықтардың бәрін қайталай алады. Бірақ, өздері істеп отырған істің байыбына бара бермейді. Себебі, олар көргенін ғана істеп дағдыланған...

Зообаққа орангутангты тамашалауға келгендер енді темекі-шылымдарды тастамайтын болды. Бұл туралы зообақ әкімшілігі қатаң шараларға барса керек-ті. Себебі, он бес жастағы маймылдың денсаулығы онсыз да темекінің кесірінен біршама рет сыр беріпті. Бұны өз кезегінде аталған маймылдың күтушілері байқап қалып, тиісті шараларды дер кезінде қолданып үлгерген екен. 

Естеріңізде болса, дәл осындай мәселе өткен жылы Малайзияның бір зообағында орын алған болатын. Әлгі маймыл әкімшілік шаралардың қатаң қыспағының арқасында зорға дегенде темекіні тастаған еді. 

Сурет:all4pet.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига