Шылым шегуге рұқсат беретін 10 ел

Шылым шегуге рұқсат беретін 10 ел

Көптеген елдер шылым шегуге қарсылық білдіріп, ұдайы күресуде. Таяуда шылымға шектеу қойған елдердің бірқатарына көз жүгірткен болатынбыз. Бұл елдер қоғамдық орындар мен көшелерде темекі тартуға бермейді. Жергілікті заңға бағынғысы келмейтін жаны темекіге құмар жандар өз демалыстарын шылымға шектеу қоймайтын елдерде өткізе алады.

Андорра

Андорра халқы ұзақ өмір сүреді. Бұл өте қызықты жәйт, себебі, жергілікті халық шылымды шамадан тыс шегеді. Темекі тарту барлық дәмханалар мен мейрамханаларда рұқсат етілген. Бұл елдің аумағы баж салмайтын аймақтардың қатарында. Сондықтан да, темекі бұйымдары өте арзан.

Болгария

Болгарияда халық көп шоғырланған қоғамдық орындарда темекі тартуға болмайды. Алайда, мұндай шектеулерден темекі құмарлардың саны азаймаған. Туристерді тарту мақсатында мейрамханалар мен дәмханаларда шылым шегуге рұқсат берілген. Ірі мекемелерде темекі тартуға болатын арнайы бөлмелер қарастырылған.

Венгрия

Венгрияда тек балалар алаңы мен жер асты өткелдерінде темекі тартуға болмайды. Бірақ та, жергілікті халық билік басшыларының автобус бекеттерінде шылым шегуге шектеу қою туралы заң қабылдауын өтінуде. Себебі, автобус бекеттерінде темекі көп тартылады екен.

Греция

Грек халқының, шамамен 50%-ы темекі тартпайды. Елде қоғамдық орындарда темекі тартуға болмайды деген заң бар. Бұл заң күшіне енгенімен, талапты орындаушылардың саны аз. Афина, Месини, Вергина сияқты қалалардың түнгі клубтары мен мейрамханаларында темекі түтінінен тұншығып қалуға болады.

Мысыр

Мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық орындарда темекі тартуға болмайды. Ереже бұзылған жағдайда, аз мөлшердегі айыппұл салынады. Бірақ та, кальян тартуға шектеу қойылмаған.

Испания

2006 жылы темекі тартуға шектеу қою туралы заң қабылданды. Алайда, бұл заң ескерусіз қалды. Темекі құмарлар бұл заңға ат үсті қарайды. Сондықтан да, мейрамханалар мен дәмханаларда шылым шегуге рұқсат беріледі.

Сербия

Бұл елде үздіксіз тәулік бойы темекі тартуға болады. Шылым шегіп жүрген жандарды кез келген қоғамдық орындар мен қала көшелерінен көруге болады. Бұл елдің жасөспірімдері де темекі тартады.

Ресей

Халық көп шоғырланған қоғамдық орындарда темекі тартуға рұқсат берілмейді. Алайда, әуежай мен мейрамханаларда темекі тартуға арналған бөлмелер қарастырылмаған.

Чехия

Шылым шегуге тыйым салу жергілікті туризмнің дамуына теріс ықпал еткен соң, Чех елінің басшылығы бұл шектеуді алып тастады. Сондықтан да, қала көшелері мен қоғамдық орындарда темекі тартуға рұқсат етіледі. Тек Прага, Кутно Гора сияқты қалалардағы дәмханалар мен мейрамханалар иелері шылым шегуге рұқсат беру мен бермеуді өздері шешеді.

Жапония

Бұл елде кез келген жерде, тәулік бойы еш шектеусіз темекі тартуға болады. Оның үстіне темекі бұл елде өте арзан.

Суреттер: medpravda.com, gazeta.bg

Ғ. Ұзақ