Токио жапон тілінде "Шығыс астана" деген мағынаны білдіреді. 14 миллионға жуық тұрғыны бар астана туралы қызықты деректерді біле жүріңіз.
Егер Токионың өзі жеке мемлекет болса, Аустралия, Түркия, Индонезия секілді елдерді экономикалық дәрежесі жағынан басып озатын еді.
Әлемдегі ең жылдам лифт Токиода орналасқан. Шығыс Икэбукуродағы Sunshine 60 алып ғимаратындағы лифт 35 секундта жолаушыларды 60-қабатқа көтереді.
Ескі Эдо ағаштан құрастылырған қала болғандықтан жиі өртенетін. Өрт күнделікті көрініске айналғандықтан, Эдоның әр тұрғыны баспанасынан бір рет болса да айырылатын. 1600 жылдан 1866 жылға дейін Эдо қаласында ірі 20 өрт болды. Әсіресе, 1657 жылы болған өрт салдарынан жарты қала өртеніп, 100 000 адам қайтыс болған.