Шұбар өзен

Шұбар өзен

Бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған Шұбар өзен Британдық Колумбияның Osoyoos атты қалашығына таяу маңда орналасқан. Жаз айларында болатын су булану нәтижесінде өзен бетінде таңғажайып пішіндегі дақтар пайда болады. Оны айдай әлемге танымал еткен осы ала дақтар.

Өзеннің ғылыми атауы – Клилук. Бұл жерде ертеден өмір сүретін канадалық үндістер өзенді қасиетті деп санайды. Оған себеп болған өзен суының терапевтік қасиеттері. Сондай-ақ, Клилук Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында оқ-дәрі өндіруде өте көп көмектескен екен.

Өзен мен оның аумағындағы жер қырық жылдан астам уақыт бойы Эрнест Смиттің иелігінде болған. Ол 1979 жылы осы өңірге спа-шипажай тұрғызуды жоспарлайды. Жергілікті тұрғындардың өзенге деген құрметі Эрнесттің бұл әрекетіне тосқауыл болады.

2001 жылы Смит мырза 22 гектар жерді 720 000$ ақшаға сатып жібереді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Шұбар өзеннің ерекше болуына әсер еткен оның суында түзілген әртүрлі минералдар екен. Клилуктың құрамында әлемдегі ең көп мөлшердегі (барлық өзендермен салыстырғанда) магний, кальций, натрий, күміс, титан және калий сульфаттары бар.

Жаз айларында өзен суы буланып, минералдардың шөгінділері қалып қояды. Бір қызығы, түрлі пішіндегі дақтар маусымға байланысты әртүрлі түске өзгереді. Дақтардың құрамында ең көп мөлшерде кездесетін магний сульфаты жаз айларында кристалданады.

Алдыңыздағы суреттегі таңғажайып өзенді аяғыңызбен басып көруге асығып отырсыз ба? Ол мүмкін емес. Өзен айналасы арнайы дарбазалармен қоршалғандықтан, әлемнің түкпір-түкпірінпен жиналған туристер қауымы оны алыстан ғана тамашалап қайтады  екен. Айнала қоршалған қақпаларға ілінген қағаздарда Клинук өзенінің емдік қасиеттері туралы толық мәлеметтер берілген.

Суреттер:prirodadi.ru,lifeglobe.net,travelel.ru,fotopremiya.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева