Жаздың алғашқы айы да аяқталып қалды. Дегенмен, әлі де демалыс уақыты жалғасыуда. Қазақстанның әсем қалаларын аралап, енді әлемге саяхаттау жоспарыңызда болса, шілде айында танымалдылығы артып, туристерді еліктеретін аймақтар тізімін ұсынамыз:
Черногория
Черногорияға саяхаттау үшін Қазақстандықтарға визаның керегі жоқ. Бірнеше жыл бұрын, Черногория Анталияның аналогі саналатын. Бүгінде бұл жер жайлы, тыныш, отбасылық демалыс үшін таптырмас орынға айналды.
Қайда демаламын: Котор қаласында. Таулардың бөктерінде орналасқан шығанақ жазғы демалысында табиғат аясында кітап оқып, әсем ән тыңдағанды жақсы көретіндер үшін таптырмас орын. Тиват әуежайы арқылы Которға жетуге болады.
Бағалар: Қонақ үйлерде түнеп шығу шығыны — €200. Дегенмен, біз пәтер іздеуге кеңес береміз: арзанға шығады, ал тамақты базардан ала аласыз. Ал, жағалауда демалу үшін арнайы жатын орныны екі адамға €10 төлеуіңіз керек.
Хорватия
Бұл жерде “Тақтар ойыны” түсірілгеннен бері, оның танымалдылығы екі есе артты. Егер түсірілім алаңын өз көзіңізбен көріп, орта ғасырдағы қала бейнесін тамашалағыңыз келсе, елдің оңтүстігіне аттаныңыз:
Қайда демаламын: Кварнерде. Егер сіз жайлылықты іздесеңіз Кварнер маңындағы Опатия қаласына бара аласыз немесе көлікті жалға алып Венецияға барып қайтсаңыз да болады.
Баға: Опатиядан төрт не бес жұлдызды қонақ үйден екі адамдық бөлмені €100 табуға болады. Пәтерлерде сол бағада болмақ.
Италия
Саяхаттап баруға болатын елдер тізімінде міндетті түрде Италия болуы шарт. Италия — өзінің сәнді көшелерімен, әсем бикештерімен және жайлы жағалауларымен танымал.
Қайда демаламын: Кампанияда. Римге ұшып келіп, көлік жалға аласыз да Калабрияға, кейін Кампаниядағы ұлттық саябақ Чиленто-и-Валло-ди-Дианоні көріп, Неаполь мен Салерно жағажайларының арасында күнге қыздырынуыңызға болады.
Бағалар: Италияның шағын қалаларын €50 мен €100 арасындағы қонақ үйлер мен пәтерлер табуға болады. Қонақ үйлерде таңғы ас береді, ал пәтерлерде кең бөлмеге жайғасуға болды. Өйткені, Италияның қонақ үйлерінің бөлмесі — өте кішкентай.