Ағылшынның арқалы ақыны Шекспир Стратфорд қаласының тумасы болса да оның Лондонға деген махаббатын ешкім жоққа шығара алмайды. Ендеше, әлем әдебиетінің “королі” өмір сүрген XVI ғасырдың басы мен XVII ғасырдың аяғындағы Лондон қаласында Шекспирдің ізімен серуен жасап қайтайық.
1.Елизавета заманындағы қарапайым Лондон тұрғындары ешқандай жүйесіз салынған көппәтерлі үйлерде тұрған. Кейбір ауқатты лондондықтар оның шетіндегі ауылдық жерлерге өз резиденцияларын тұрғызған. Бұлар қазіргі біз білетін Лондонның бір бөлігі.
2.Шекспир 1587 жылы Стратфордтан кетіп, Лондонға жол тартты.
3. Шекспирдің Лондондағы алғашқы тұрағы Бишопсгейт болған. Ол 1596 жылы Сент-Мэри-авеню мен Леденхолл көшесіне жақын жерде тұрған.
4. 1592 жылы бірінші елизаветтік The Rose театрында Уильямның “Генрих VI” қойылымы жүріп жатты.
5. Одан кейінгі жылдары Шекспир өз өміріндегі ең маңызды театр саналатын Globe театрынан 5 минуттық жердегі көшеде тұрған. Темзаның жағасындағы дөңгелек театр ғимараты 1599 жылы салынған еді. Шекспир қойылымдарының арқасында ол Лондондағы ең беделді театрға айналды.
6. Шекспир актерлік және жазушылық мансабы негізінде ең бай адамдар қатарына қосылады. Оған дәлел — Шекспирдің Стратфордтағы үлкендігі бойынша екінші New Place аталатын үйді сатып алуы.
7. Глобустан ары Лондон көпіріне қарай жүрсек Southwark Cathedral шіркеуіне жетеміз. Готикалық стильдегі ескерткіш саналатын бұл ғимараттың тарихы XI ғасырдан бастау алады. Уильямның бауыры Эдмундтың жаназасы сонда өткен.
8. Бұл кезде қазіргідей Лондон көп ұлтты қалаға айнала бастады. Шекспир 1604 жылы Сент-Паулстағы Силвер-стрит көшесінде француз гугеноттарының үйінде тұрған.
9. Шекспирдің заманында Лондон көпірі қаланың солтүстік және оңтүстік бөліктерін байланыстырушы жалғыз құрылғы болған. Уильям ол көпірмен аптасына бірнеше рет өтетін. Ал, байлар арнайы қайықтар жалдаған.