Шаңғышы өлімнен аман қалды

YouTube сайтында қозғалып бара жатқан пойызға ілініп сырғанаған шаңғышы туралы видеоролик пайда болды. Интернетте бір апта бұрын пайда болған польшалықтар түсірген ролик осы уақытқа дейін 300 мың рет көріліп үлгерді.

Видеода жастардың трюкке жақсылап дайындалғаны көрініп тұр. Жас жігіттер алдымен электр пойызының тоқтағанын күтіп, жолаушылар шығып болған соң трос арқылы вагонға жіп арқылы ілініп алған. Oсылайша пойыз сүйреген экстремал 60-80 км/сағ шамасындағы жылдамдықты бағындырды.

Жергілікті полиция қызметкерлері бұл видео туралы "бұдан артық ақымақтық көргеніміз жоқ" деп пікір білдірді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/XxoDkiLmnD0","width":"450","height":"240"});

Қазіргі таңда құқық қорғау органдырының қызметкерлері экстремал спортшыларды іздеу жұмыстарымен айналысуда. Олардың айтуынша, бұл іс тек олардың өздері үшін ғана емес, жолаушылар үшін де қауіпті.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: m.newsru.com