Шамшырақ-бақбақтар

Шамшырақ-бақбақтар

Нидерландық “Studio Drift” дизайнерлік студиясы табиғат пен технологияны ешкім күтпеген әрі тосын түрде біріктіріп отыр. Олардың аталған еңбектері біз байқай бермейтін, байқаған күнде еш елеусіз қалдыратын кішкене заттарға (өсімдік) бағытталған.

“Fragile Future” (“Нәзік болашақ”) қоладан, жарықиодты шам мен табиғи бақбақтардан (одуванчик) жасалған шамдар (люстра) топтамасынан тұрады. Салмақсыз, ақ үлпек тұқымдар аспалы өнертабысқа бекітулі электрлік тізбекті еске салатын қола негізде бекітілген.

"Өзіңіз-ақ алып қараңызшы, бақбақ кез келген елде, кез келген мәдениетте танымал, - дейді Лоннеке Гордийн, - Алайда, ешкім оған аса мән бермей жатады. Өз алдына өсіп тұра берсе болды. Сондықтан осы бір өсімдіктің кереметтілігін таныту үшін тың дүние ойлау табуға бекіндім. Мен ұшып жүрген тұқымдардың негізі бақбаққа басқаша көзқарас қалыптастыратын қарапайым ғана светодиодта жатқанын аңғардым". 

Сурет:www.datasvet.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига