Бүгінде Жаңа Зеландияның солтүстігіндегі геотермальдық аудандағы Уаи-О-Тапу атты аралда "шампанды алап" бар. Бұл өлке көпшілікке «Шампанды бассейн» (Champagne Pool) деген атпен танымал. Бұлай деп аталуының себебі, бассейн суы көмірқышқыл газының (СО2) әсерінен шампанға ұқсап ағып жатқандығында жатыр. Шындығына келгенде бұл ешқандай шампан емес, жәй ғана термальды ыстық бұлақ.
Ал мұндағы қызғылт сары түс аурипигмент пен антимониттің көп мөлшерінің әсерінен пайда болды.
Бассейннің ұзындығы – 65 метр, ал тереңдігі – 62 метр.
Дәл осы құбылыстың қайталанып келе жатқандығына 900 жыл болған екен.
Суреттер:bigpicture.ru,pirojok.net,abunda.ru,funday.com.ua
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева