- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Шабаданға қандай заттарды...
Шабаданға қандай заттарды салу керек?
Кезекті демалысқа я іссапарға аттанған кезде, киімдерді ретке келтіріп, керекті дүниелерді сөмке-шабадандарға саламыз. Көп жағдайда жүктердің арасынан «қажет болмайтын» дүниелерді де көрінеді. Назарларыңызға жолға шықпас бұрын шабаданға қандай заттарды салу керектігі туралы ақыл-кеңесімізді ұсынамыз.
- Өзіңізбен бірге «қажет болады-ау» деген заттарды алыңыз. Яғни олар оптикалық көзілдірік, гигиеналық заттар, дәрі-дәрмектер, әшекей бұйымдар, косметика т.с.с керекті дүниелер.
- Заттарыңызды шабаданға салмас бұрын, керекті дүниелердің тізімін жасаңыз. Тізім жасалған бойда, дүниелеріңізді бірнеше топ-топқа бөліңіз. Бағалы заттар: ақша-қаражаттары, әшекей бұйымдар, құжаттар т.с.с.
- Жолға шықпас бұрын, баратын елдің ауа-райын біліп алыңыз. Кейін ауа-райының болжамына сүйеніп, киініңіз. Өзіңізбен бірге тек сапарда киетін киімдерді алған жөн.
- Суық жаққа барсаңыз, жылы киімдерді, жылы аймаққа барсаңыз жеңіл киімдерді шабаданға реттеп, салып қойыңыз.
- Жолға шыққанда, жеңіл әрі ыңғайлы, өкшесі жоқ аяқ-киім киіңіз.
- Іш-киімдер мен ұйықтаған кезде киетін жеңіл киіміңізді ұмытпаңыз.
- Әшекей бұйымдарды көп мөлшерде алудың қажеті жоқ.
- Косметикалық бұйымдар мен гигиеналық заттарды кішкентай сөмкеге салып алыңыз. Өзіңізбен бірге тек күнделікті күтімге қажетті бұйымдарды алыңыз. Қонақүйлерде сусабын, сабын, гель берілетінін ескеріңіз.
- «Киім бүктеліп қалғанда, керек болады-ау» деген оймен көп жандар өздерімен бірге үтік алып жүреді. Бұл қосымша жүк. Оның сізге еш қажеті болмайтынын, қонақүйлерде үтіктің бар болатынын ескерген жөн.
- Шабаданмен қатар, қол сөмкеңізді ала жүріңіз. Оның ішінде тек жолда қажет болатын дүниелерді салыңыз: ақша, жеке құжаттар, әуе билеттері, бет орамал, ұялы телефон т.б.
Суреттер: redom.ru, goodhouse.ru
Ғ. Ұзақ