Саяхатты сүйетіндерге биыл тамаша мүмкіндік туып тұр

Шетелге шығып, өзге ұлттың дәстүрімен, әдет-ғұрпымен танысқанға не жетсін! Бірақ кейде ақшаны үнемдейміз деп, еш жерге шықпай, үйде отырып қалатын кездер болады. Биыл бәрімізге тамаша мүмкіндік туып тұр. Бүгін бағасы арзан және қыдыруға қолайлы елдерді назарларыңызға ұсынамыз. 

Армения

Кебаб немесе хачапури 1 доллар тұрады. Ал түскі ас шамамен 3 долларға шығады. Армения астанасы Ереванда 30-40 долларға екі адамға қонақ үйден бөлме немесе 25-30 долларға пәтер жалдау қиын емес. Ал қаланың сырт жағында бағалар бұдан да арзан.

Әзірбайжан

Түскі ас немесе кешкі ас мейрамханаларда шамамен 11 долларға шығады. Ал қонақ үйден бір нөмір алу 40 доллардың айналасы. 

Сербия

Сербтік фастфудтар - ірімшік қосылған пирог, чевапчичи шұжығы 2 доллардан артық тұрмайды. Тіпті мейрамханадан түскі ас ішу әрі кетсе 10 доллар болады. Қарапайым 2 адамдық орын Белград қонақ үйінде 35-45 долларды құрайды. Ал қаланың орталығынан пәтер жалдау – 25-35 доллар.

Тунис

Шакшука, мергез шұжығы немесе лаблаби сорпасы секілді жергілікті тағамдарды шағын асханалардан 3 долларға сатып аласыз. Ал мейрамханалардан 8 долларға түскі ас ішесіз. Тунисте арзан қонақ үйлер аз, алайда 20 долларға табуға болады.

Индонезия

Көше тағамдары Индонезияда тиын-тебен тұрады. Қуырылған күріш немесе кеспе – 1,5 доллар. Ал мейрамханалардан тамақтану 5-8 долларға шығады. Әдемі әрі таза қонақ үйлерден бір бөлме алу 9-10, 10-15, 15-20 доллар болады. 

Грузия

Грузияда көше тағамдары мүлдем жоқ. Шағын дәмханалардан түскі ас ішсеңіз, шамамен 5-6 доллар. Тбилиси мен Батумиде екі адамдық нөмірлер тәулігіне 40 доллар тұрады. Ал пәтер жалдау 30 доллардан аспайды. 

Үндістан


Үндістанда вегетариандық тағамдар тым арзан. Жеңіл-желпі тамақ сататын дәмханалардан 0,8 долларға алуға болады. Туристерге арналған мейрамханалардан тамақтану 3-6 доллар шығады. Ал баспана мәселесіне келер болсақ, барлық жағдай жасалған бір бөлмелі пәтерлер 5-8 доллар болса, салқындатқышы бар қонақ үйдің нөмірі 10-15 доллар тұрады.  

Ұқсас жазбалар:

Қандай мемлекеттерге саяхат жасадыңыз?

Саяхат шығынын қалай есептеуге болады?