Жаз мезгілі қызықты саяхаттар мен романтикалық көңіл күйдің маусымы. Соңғы уақыттарда қонақ үйге келушілер үшін қолайлықтар жаратылғаны сонша, сіз патшадай не ханшадай саяхаттауыңыз үшін хан әулетінен болуыңыз міндетті емес. Қалтаңызды қаражатыңыз болса болды, өзіңізді ертегі әлемінде жүргендей сезінуңізге жетеді. Әлемнің әр жерінде орналасқан ғажайып, сәнді қонақүйлер сізге жақсы көңіл-күй сыйлау үшін бар жағдайды жасайды. Төменде өміріңіздегі романтикалық саяхаттарды өткізу мүмкіндігін бертін бірнеше қонақүйлер тізімін жариялайтын боламыз. Ashford Castle Ирландияда ХІІІ ғасырда салынған сарай 75 миллион долларлық қайта жөндеуден өткесін бұрынғысынан да сұлулана түсті. Бұл жерде бір күн түнеуге 488 доллар жұмсайсыз. Htel de la Cit оңтүстік Францияның UNESCO әлем мұрасы тізіміне енген сарай орта ғасырларда пайда болған Carcassonne қала маңында орналасқан. 1909 жылы салынған қонақүйде 59 бөлме болып, бұл жерде қонуға күніне 225 доллар жұмсайды екенсіз. Castello di Monterone Италияда орта ғасырда салынған ғимараттар өте көп. ХІ ғасырда салынған Castello di Monterone солардың ішіндегі ең сәндісі. Перуджиа алқабына қарап тұратын қонақүйде раушан гүлдің 20-дан артық түрі бар бақ орналасқан. Бұдан басқа қонақүй түрік моншасымен де танымал. Бұл жердегі күндік шығын 108 доллар. Leeds Castle 1119 жылы Англияда салынған бұл сарай тек орта ғасырда салынғанымен ғана емес көптеген хандар тұрған орын сонымен бірге Генри ІІІ пен оның жұбайы арагондық Екатирина жасаған сарай ретінде де әлемге танымал. Әсем бағы, көкорай шалғын даласымен көз тартатын сарайдың бөлмесінде бір күн қонам десеңіз 180 доллар, аулада жұлдыз санап жатам десеңіз 123 доллар төлейсіз. Neemrana Fort-Palace Үндістанның 1464 жылы салынған сарайында өзіңізді хан әулетіндей сезінем десеңіз күніне 221 доллар төлейсіз. Castello di Pavone Италияның тағы бір сәнді ІХ ғасырда салынған сарайы. Бүгінгі күнде қонақүйге айналған құздың басында орналасқан сарайда түнеймін десеңіз 135 доллар төлейсіз. Parador de Oropesa Испанияда ХІV ғасырда салынған сарай орта ғасырларда салынған ғимараттарда түнеу өте қымбатқа түседі деген пікірді жоққа шығарады. Бұл қонақүйдің күндік ақысы 75 доллар. Culzean Castle Шотландияның батыс жағалауындағы 1792 жылы салынған сәнді сарайды тамашалау үшін 465 долларыңызды құрбандыққа шалуға тура келеді. Chateau Herlec Чехия республикасының ХІІІ ғасырында салынған сарай-қонақүйіндегі бөлмелер 205 доллардан басталады. Romantik Parkhotel Wasserburg Anholt Германияның ХІІ ғасырында салынған сарайы бал айын, неке қию рәсімін өткізумен танымал қонақүй. Бұл жердегі бөлмелердің ең арзаны 191 доллар. The Castle Hotel, A Luxury Collection Hotel Қытайда салынған бұл қонақүй тарихы тереңде емес. 2014 жылы ғана салынған. Бірақ 135 доллар төлесеңіз сізге хан өмірінің аурасын тарту етеді. Hever Castle Англия патшасы Генри ІІІ-тің екінші жұбайы Анна Болейн өмір сүрген ХІІІ ғасырда салынған сарай Англиядағы ең бай тарихқа ие ғимараттардың бірі. Бұл жердегі нарық 130 доллар. Parador de Cardona Испанияның орта ғасырларында салынған сәнді қонақүйлерінің бірі. Ол дәуіріміздің 800-жылдарында қабырғасы қаланған болып, Барселона қаласынан 1 сағаттық жерде орналасқан бұл қонақүй 118 доллар төлесеңіз сол дәуірлердің исін сезінуіңізге көмектесетін есігін ашады. The Castle Hotel Spa АҚШ-тағы бір ғасырлық тарихы бар қонақүй 2013 жылы қайта жөндеуден өтті. Tarrytown қалашығындағы Hudson өзенінің ғажайып көрінісін тамашалаймын десеңіз бір күн үшін 319 доллар төлейсіз.