- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Саяхаттауға қауіпті мемлекеттер...
Саяхаттауға қауіпті мемлекеттер ішінен Тайланд елі көш бастап тұр
Ұлыбританияның "Endsleigh" сақтандыру компаниясы саяхаттау үшін ең қауіпті 10 мемлекеттің тізімін жариялады.
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда саяхаттауға ең қауіпті мемлекеттер тізімінде Тайланд көш бастап тұр. 2017 жылы компанияға келіп түскен арыздардың 23 пайызы осы Тайландпен байланысты екен.
Екінші орында Чили мен АҚШ тұр. Бұл мемлекетерге саяхаттаған адамдардың 15 пайызынан шағым келіп түскен.
Сонымен бірге, Франция (7 пайыз), Испания (8 пайыз) және Германия (8 пайыз) қауіпті мемлекеттері де тізімнен орын алған.
Франция мен Испанияға саяхаттаушылар бұл мемлекеттерде негізінен алаяқтарға алданып қалғандарын айтып арызданады екен. Мамандар осы елдерге саяхаттаушыларға жеке бұйымдарына сақ болуын ескертеді.
Туризм үшін ең қауіпті мемлекеттер тізіміне Непал (8 пайыз), Перу (8 пайыз), Багама аралдары (4 пайыз) және Бразилия (4 пайыз) сынды мемлекеттер де кірген.
Т. Раушанұлы