Саяхаттау адам миына қалай әсер етеді? Жиі саяхаттау және таңсық ортаны көру, өзге мәдениетті сезіну адамның даму үрдісін жетілдіре түседі. Жер ғаламшарын үздіксіз «кезудің» өзіндік әсері бар:
1. Зияткерлік өсім:
Біз білімді тек кітаптардан алып қоймаймыз, жеке тәжірибміз де маңызды рөл атқарады. Физикалық тұрғыдан өзге климатта өмір сүру, бейтаныс адамдармен араласу, түрлі жағдайларға тап болу – мидағы жүйке талшықтарының жұмысын жеделдете түседі. Жайбасарлық қалып, сақтық пен ойлану дағдылары қалыптасады.
2. Қарым-қатынас:
Әр түрлі мәдениетте өмір сүріп жатқан адамдармен тіл табысып үйренесіз. Бірі – қонақжай, енді бірі бейтаныс адамдарды жақтыра бермейді. Жол сұрасу, көмек сұрау, елдің жағдайы жөнінде білу, білім беру жүйесін талқылау бұны бәрі адамды танып-білу дағыдысын жетілдіреді.
3. Қорқыныш пен күйзелісті жеңу:
Қорқынышты жеңуге саяхаттау таптырмас құрал болатыны анық. Өйткені, өлімнен кейінгі ең үлкен адам қорқыныш – біреудің алдында күлкіге қалу. Ал, ешкім білмейтін, танымайтын ортада бұл қорқынышты мүлдем ұмытып кетеміз. Дегенмен, саяхат кезінде қорқыныш жолаушның басты серігіне айналады? Құжаттарымды жоғалтып алсам, не істеймін? Адасып кетсек ше? Жер сілкінісі болса қайтпекпін?! Дегенмен, бұл қорқыныш таңертең ұйқыдан оянып, сізді батыл қадамдар жасауға итермелейді.