Қытай үкіметі Эвересттің Тибеттегі базалық лагерін жиналып қалған қоқыстарды тазалау мақсатында қарапайым саяхатшылар үшін жауып тастады. Бұл туралы South China Morning Post сайты хабарлады.
ҚХР Эверестке баратын жолды мүлдем жауып тастамаған. Тек қарапайым саяхатшылар 5 мың метр биіктіктегі Ронгбук ғибадатханасына дейін ғана көтеріле алады. Ары қарай Эверест шыңына рұқсат алған алған альпинисттер ғана шығады. Биыл 300-ге жуық альпинист шыңды бағындыруға рұқсат алған.
Шыңға шыңуға рұхсат алған альпинистерге де қатаң тәртіп орнатылған. Олар жоғарыда өз қоқыстарын төменге түсерде алып кетуі шарт. ҚХР жиналып қалған қоқыстарды тазалауға 200 адамнан тұратын арнайы топ құрған.