Ағылшындардың The Daily Mail газеті Үндістанда гидтің жетекшілігінсіз өз бетіңмен саяхаттау аса қауіпті екенін ескертті.
Басылымның жазуынша, Үндістанда әйел зорлау фактісі көп және кінәлілерді жазалау жоқ. Сонымен қатар, газет саяхатшылар үшін қауіптілігі жағынан екінші орында тұрған елді атады. Ол - Бразилия, онда да зорлау, қарулы қарақшылық, тонау сияқты қылмыстар жиі тіркеледі. «Үшінші орында Түркия, төртінші - Тайланд, бесінші орында Мысыр. Алтыншы, Колумбия тұрса, топ 10-дыққа Оңтүстік Африка, Марокко, Мексика және Кения кіреді», делінген мақалада.