Саяхатқа арналған шағын үй

Таяуда өнертапқыштар үш дөңгелекті велесебеттің үстіне орналасқан "TRICYLE" шағын үйін таныстырды. 

Аталған үйдің арқасында енді қонақүй туралы алаңдап, не болмаса жанармай құямын деп әуре-сарсаңға түспейсіз. Одан қала берді тұрақ іздеудің де қажеті туындамайды. Өз еркіндігіңіз өзіңізде болып, жаз айларында шат-шадыман күй кешіп, қалаған жаққа саяхат жасай аласыз. 

Үйдің ішкі бөлігіне қол жуатын және ас дайындайтын жер, одан қала берді ванна жайғасқан. Өз кезегінде үй ішіндегі тұрмыстық зат-бұйымдар әртүрлі қалыпқа келеді. Бір сөзбен айтқанда, әр зат бірнеше жүйені атқарады екен. Мәселен, төсек бір демде ас үстеліне айналып шыға келсе, орындықтар үлкенді-кішілі пішінде әр қалыптың үдесінен табылады дегендей.

сурет:wherecoolthingshappen.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек