- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Саяхатқа арналған шабаданды...
Саяхатқа арналған шабаданды дайындаудың 10 әдісі #2
Саяхатқа шығуды кім жек көрсін. Дегенмен оның өз ауыртпалықтары бар. Ол шабадан қамын жасау. Осының алдындағы ақпаратта шабаданға заттарды қалай салу керектігін, өлшемін алу керектігін айтқан болатынбыз. Осы жолғы әдістер де соның айналасында болмақ. Ендеше біз ұсынған әдістерді дұрыс пайдаланыңыз.
1. Бас киімді де толтырып қойыңыз
Бұл әдіс қызық естілуі мүмкін, бірақ күн түсейтін бас киім алып жатсаңыз оның ішіне де заттар толтырып, нығыздап қойыңыз. Бұл әдіс бас киімнің мыжылып қалуынан сақтайды.
2. Заттарға арналған жәшік дайындаңыз
Киім-кешектен бөлек өзіңізге керек түрлі заттарды (аксессуарлар) алып шығатын болсаңыз кішкентай ғана жәшік дайындаңыз. Онда көзілдірік, белдік сол секілді басқа да ұсақ-түйек заттарыңызды салып қоясыз.
3. Аяқ киімнің бір-ақ түрін алыңыз
Модаға қатты қарайтын адам болсаңыз, әрбір салаға арналған бір-бір аяқ киім ғана алыңыз. Мәселен спорттық аяқ киім, классикалық және жеңіл аяқ киім. Бұл сізді қанағаттандыру керек. Әйтпегенде шабаданыңыз толып кетері анық. Ал бұл әдіспен келісе алмасаңыз шабаданнан бөлек аяқ киім салатын шағын ғана сөмек дайындаңыз.
4. Демалыс уақытының шегін біліңіз
Бұлай деп отырғанымыз, егер сіз бір апталық демалысқа кетіп бара жатқан болсаңыз, он көйлек алудың қажеті жоқ. Бұл артық дүние. Әр киім үлгісінен бір-бірден ғана алыңыз. Себебі бұл артық. Бес күн бойы бір киімді киіп жүре беру сізді қынжылтуы мүмкін, бірақ шабаданның да ауыр болып кетпеуін қадағалаңыз.
5. Артық киім алмаңыз
Саяхатқа шығатын адамдардың ең үлкен қателігі де осы. Олар осы уақытқа дейін сатып алып, әлі киіп көрмеген киімдерін саяхатқа шыққан кезде киемін деп салып алады. Өкініштісі ол киім ол жақта да сол беті киілмейді. Қайта артық зат болып келеді. Сондықтан сатып алдым ғой кию керек дейтін емес, өзіңіз сүйіп киетін, күнделікті әдемі және қарапайым көрінетін киімдеріңізді алыңыз.
Сапарыңыз сәтті болсын!