Ұзаққа созылған жұмыс уақытынан кейін еңбек демалысын алып сыртқа шығуға асыққсаңыз, ең бірінші ескеретін нәрсеңіз шападаныңыз. Себебі жол сандығыңыз сіз үшін қай жағынан болмасын дайын болғаны жөн. Іштей сізде мазалайтын « өзіммен не аламын?», «қанша жүк алам?», «ештеңе ұмытпадым ба?» деген сұрақтардан арылу үшін сізге он түрлі әдіс ұсынып отырмыз.
Ең алдымен қолыңызға қалам мен қағаз алып тізім жасаңыз. Аталған тізімде сізге керек заттар мен киімдер басқа да демалыс кезінде керек жабдықтар болғаны дұрыс. Аталған әдіспен кетуге екі-үш күн қалған кезде айналысуға тырысыңыз. Бәлкім жақындаған кезде тағы да бір ойлар келіп қалуы мүмкін. Тізімге қарап жол сандығыңыздың мөлшерін де есептеңіз.
Егер шабаданыңызда сізге керек заттардың бәрі болсын десеңіз, алдымен ауа-райына мән беріңіз. Тіпті күн сайын бақылауда ұстаңыз. Баратын жеріңізде жаңбыр болуы, жел тұруы немесе күн ыстық болуы мүмкін. Сондықтан әр ауа-райын қарай түрлі киімдер дайындау керек.
Аталған әдіс маңызды емес те шығар, бірақ қандай жағдай болмасын өлшеп алғаныңыз дұрыс. Себебі сіздің баратын көлік түріңіз әуе арқылы болса онда өлшеуге тура келеді. Тексеріс кезінде артық салмаққа көп ақша алатынын ескеріңіз. Жалпы саяхатқа шыққан кезде сіз үйге бұйымдар аласыз. Олардың да салмағы болады. Сондықтан барып-қайтқандағы шабадан салмағы 20 кг. болғаны дұрыс.
Шабаданға киімдерді ретті және әдемі қылып салуды үйреніңіз. Ең ақыры білмей жатсаңыз сайттарға кіріп видео дәріс алыңыз. Бұл жол сандық ішінде бос орын қалуға пайдасын тигізеді.
Шабаданның ауызы жабылмай қиындық тудырып жатса, барлық заттарды біріктіріп салып қоятын ауа өткізбейтін сөмке дайындаңыз. Бұл сөмке шабадан ішіндегі заттарды нығыздап бір шетте тұруға көмектеседі.