Саяхатшыға саяхат шығынын білу - алдын ала жасалған дайындық. Ол үшін саяхатшыға бар болғаны бірнеше факторды ескеру қажет. Бұл біздің саяхаттауға кететін шығыныңызды дәлме-дәл есептеуге көмектеседі.
1. Жол шығынын есептеңіз. Жол ақысы саяхат шығынының негізгі бөлігін қамтиды. Егер сіз ұшақпен ұшсаңыз, пойызбен немесе автобуспен жол жүрсеңіз жол ақысы билет бағасымен бірдей болады. Егер сіз автокөлікпен саяхаттауды жөн санасаңыз, онда машинаны жалға алуға кеткен қаржыны (прокатқа алған жағдайда) және бүкіл сапарға кететін жанармай бағасын санауыңыз керек.
* Жүру қашықтығын мильмен немесе шақырыммен анықтау керек.
* Қашықтықты автокөлік шығынына бөліңіз (миль болған жағдайда галлонмен немесе шақырымды литрге). Шыққан сан – сіздің сапарға кететін жанармайыңыздың галлонмен немесе литрмен есептегендегі көлемі (галлон өлшем бірлік, 3,79- 4,55 литрге дейін).
* Галлон мен литрді жанармайдың орташа бағасына көбейтіңіз.
* Бір нәрсені ескеру қажет, егер сіз жалға алынған автокөлікке мінсеңіз, онда автокөлік компаниясының машинаға бекіткен әрбір миль бағасы мен сақтандыру төлемін сапар шығынына қосуды ұмытпаңыз.
2. Саяхатқа кететін барлық шығынды қосыңыз.
Сусын мен тамақ. Егер ұзақ мерзімді саяхатқа шықсаңыз, онда сізге жол-жөнекей тамақтанып, әлденіп алу үшін кідіруге тура келеді. Қандай жағдай болмасын, мұның барлығын шығын тізімінің қатарына енгізу қажет.
Мекендеу. Бір күннен көп жалғасқан сапар аялдауды және түнеуді талап етеді. Егер сіз автокөлікте түнеуді ерсі көрсеңіз, ондай жағдайда мекендеуге кететін сомманы қосуыңыз керек.
Ақылы жол. Көп елде ақылы жолдар бар. Оған деген шығын жол қашықтығынына сәйкес өседі.
Тұрақ. Егер сізге саяхатты одан ары ұшақпен немесе пойыз, автобуспен жалғастыру керек болса, онда автокөлік қоятын тұрақ немесе гараж іздейсіз. Ал бұл дегеніңіз тағы қосымша есепті қажет етеді.
Жанама шығындар. Жанама шығынды әсіресе машинамен жүрген кезде ескеру қажет. Ол көліктің техникалық шығынын, ауа ластануын, апат, салық т.с.с. қамтиды. Мұны санау үшін жүрілген әрбір мильді 0,05 центке немесе 0,05 центті шақырымға көбейтесіз.
Жолдағы уақыт. Жолға кететін уақытты есептеу үшін әрбір аялдаманы (тамақтану, жанармай құю, дәретхана) 15 минут деп аласыз.
3. Егер сіз бос өткізген уақытты есептеу керек деп ойласаңыз, онда сапардан бөлек немен айналысатынызды шамамен болжап, шығынға кірістіргеніңіз абзал.