Саяхат: Жергілікті аймаққа бейімделу

Кезекті саяхат я демалыс кезінде шетелге, тіпті басқа құрлыққа жолға шығуға тура келеді. Жергілікті ауа-райына бейімделу, уақыт ауысу, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы ағзаның әлсіреуіне әкеп соғады. Сондықтан да, саяхат алдында денсаулығыңызға назар аударып, ағзаны иммунитетінің жоғарлауына ықпал етіңіз.

Оңтүстік аймақтағы елдер: Мысыр, Тунис, Біріккен Араб Әмірлігі, Марокко

Жылдың төрт мезгілінде аптап ыстық болатын бұл елдерге табан тіреген кезде температураның ауытқуына байланысты өзіңізді нашар сезінуіңіз мүмкін. Сондықтан да, саяхат алдында А, С, Е дәрумендерін тұрақты пайдаланып, иммундық жүйені жақсартып алу керек. Демалыс кезінде дәрумендермен қатар, жеміс-жидек және көкөністермен көп мөлшерде ауқаттанған жөн.

Шығыс аймақтағы елдер: Қытай, Таиланд, Лаос, Вьетнам, Жапония

Ұзақ жол ағзаға үлкен әсерін тигізеді. Шығыс жаққа қарай ұшқан кезде, үнемі аузыңыз құрғап, шөлдеп жүресіз. Саяхат алданда В тобындағы дәрумендерді тұрақты түрде пайдаланыңыз. Дәрумендердің бұл тобы иммунитетті жақсартып, жүйке жүйесінің бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді.  

Ең бастысы, дәрумендерді тұрақты кешенді түрде пайдаланыңыз. Дәрумендер құрамындағы магний мен мырыш ағзадағы айырбас кезеңіне қатысып, денсаулығыңызға оң әсерін тигізеді.

Дәрумендермен қатар, шығыс елдерінде теңіз тағамдары мен көкөністерін тұрақты пайдаланыңыз.


Солтүстік аймақтағы елдер: Норвегия, Финляндия, Исландия, Швеция

Суық аймаққа келген бойда, ыстық елдеріндегідей өзіңізді нашар сезінуіңіз мүмкін. Бұған жол бермес бұрын, 1-2 ай тұрақты түрде А, С, Е және В тобындағы дәрумендерді кешенді пайдаланған жөн. Құрамында магний элементі бар тағамдармен ауқаттаныңыз. Дәрумендер жүрек тамырлары мен ішек құрылысының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Батыс аймақтағы елдер: Австрия, Германия, Франция, Ұлыбритания

Бұл елдер өте салқын. Суық тиіп қалу қауіпі жоғары. Осы кезде де А, С, Е дәрумендері көмекке келеді. Сондай-ақ, құрамында темір, кальций, йод элеменеттері бар тағамдарды көбірек пайдаланған жөн. Бұл тағамдар асқазанда тез қорытылып, ағза жұмысына оң әсерін тигізеді. Ас мәзіріне жеміс-жидек сусындарын кіргізіңіз. Тұрақты түрде жеміс пен көкөністермен ауқаттаныңыз.
Алыс жолға шықпас бұрын, дәрігеріңізбен кеңесіп алыңыз. Сондай-ақ, өзіңізбен бірге қажетті дәрі-дәрмектер салынған жол қобдишасын алуды ұмытпаңыз.

Суреттер: bsu-az.org, cosmo.ru