Сары теңіз

Сары теңіз

Мына шегі мен шеті көрінбейтін кең әлем адам сенгісіз ғажайыптарға толы. Табиғат ананың ұлы шеберлігі «Не деген ғажап!» деп таңдай қақтырмасыңызға қоймайды. Сондай ғажайып өлкелердің бірі - Люопинг.

Өзінің көздің жауын алар көркімен адамзатты жаулаған Люопинг аумағы Қытайдағы Куджинг әкімшілігінде орналасқан. Ол қандай жер дейсіз бе? Асылында, оны "жер" деуге келмейтін сияқты... 

Люопинг өлкесі о шеті мен бұ шетіне дейін ұзынынан төселіп жататын өзінің сап-сары кілемімен танымал.

Бұл өлкеге көктем айларында рапс (май және жем алынатын өсімдік) гүлі шығады. Сұлу гүлдің әсерінен басқа маусымдарда елеусіз жататын өңір сап-сары теңізге айналып шыға келеді

Ең бейғам деген адамды арбап алатын пейзажды тамашалау үшін жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған турист жиналады. Олар табиғат аясында серуендеп, аумақты үздіксіз суретке түсірумен болады. Мемлекет те оған шектеу қойған емес. Тіпті, туристер үшін қызмет көрсететін арнайы автобустар да жүріп отырады.

Рапс гүлі - көктемнің басынан маусым айының соңына дейін жайқалып тұрады.

Суреттер:interesnoff.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева