- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Санторини жанартауы ояна...
Санторини жанартауы ояна бастады
1627 жылы Санторини жанартауының атқылауынан Атлантиданы су басты деген болжам бар. Сондай‑ақ осы жанартаудың кесiрiнен Грекияның бiраз бөлiгiнiң күл‑талқаны шықты. Мiне, осы жанартау қайта ояна бастады. Әзiрге одан лава бөлiнiп жатқан жоқ, бiрақ әлсiн‑әлсiн қайталанатын жер сiлкiнiстерi арал тұрғындарының зәре‑құтын қашырып бiттi. Бiр жылдан берi аралдағы балқыған магма деңгейi 14 сантиметрге көтерiлдi. Әзiрге бұл магма жер қыртысындағы бос кеңiстiктi толтырып жатса керек.
Санторини жанартауы атқылауда. 1956 жыл
Алайда ғалымдар жанартау лава бөлмейдi, лава атқылаған күннiң өзiнде бұның салдары ХVII ғасырдағыдай болмайды деп есептейдi. Санторинидi бес жыл бойы бақылап жүрген геофизиктер тобы жанартаудағы от қоры магма шарында сақтаулы дейдi. Ал магма шарының диаметрi төрт футбол алаңындай. Егер осы шар қозғала бастаса, онда жанартаудан от атқылауы мүмкiн.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: vulkani.ru, fotki.yandex.ru