Сан-Диего жағалауында тосын құбылыс орын алды. Кеме капитаны жүз мыңдай дельфиннің 11 км ұзындықта, 8 километр ендікте үлкен топ құрап, қарсы ағыспен жүзіп бара жатқанын байқап қалған.
Әлгі үлкен шоғыр бір сағат бойына жұптарын жазбай жүзіп отырған. Кеме капитаны сонда барып олардың дәмді де тәтті сардин мен кальмар балықтарының арттарынан түскенін білген. Олар да өз кезегінде топ-тобымен жүзіп жүрсе керек.
Ендігі таңда зерттеушілер ешқандай байланыс құралынсыз мұндай бас қосудың мүмкін еместігін айтып, дельфиндерді адамдардан кейінгі жер бетіндегі ең ақылды әрі әлеуметтік желісі дамыған жаратылыс иесі деп мойындауда.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/WZbA421hIhs","width":"450","height":"240"});
сурет:vasiliza.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек