- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Сахарада Марс тастары...
Сахарада Марс тастары табылды
Тастың жасы 2,1 миллиард жылға жеткен. Бұл тасқа ғалымдар "NWA 7034" деген ат қойып үлгерді.
Нью-Мексико университетінің ғалымдары марстық тастардың Сахара шөлінен тапқанын жариялады. "NWA 7034" деп аталатын метеоритті зерттеуге ғалымдар 1 жылын арнаған. 320 граммға жететін тастарды Марокко маңындағы бедуиндер тауып алып, соңынан американдық ғылыми орталыққа сатып жіберген.
Зерттеуші маман Карл Эйджидің сөзіне сенсек, бұл тастар жанартаудың атқылауы нәтижесінде пайда болып, кейінде сумен араласқан. Тас сонысымен де өзге құрамды тастарға ұқсамайды.
Сенсациялық жаңалық болғаны – бұл тастың құрамы «Кьюриосити» атты марс көлігі арқылы әкелінген таспен бірдей болып шыққандығы. Ал ең «кәрі» тас «Алан Хиллз» деп аталатын метеорит болып табылады.
Ол 1984 жылы Антарктидадан табылған және жасы 4,5 миллиард жыл екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: news.rambler.ru
А. Құлтай