Сиэтл қаласындағы театр қабырғасы "сағыздан соғылған". 90-жылдардың басында өткен-кеткен адам осы ғимараттың қабырғасына тиындарды сағызбен жабыстыратын болыпты. Естіген құлаққа біртүрлі, әрине. Театр қызметкерлері сағыз алғаш жабыстырылғанынан-ақ тазалағанымен, жұмыстары өнбепті.
Алғашында тиындар сағызбен жабысқан, уақыт өте келе тек сағыздың өзі "жабысатын болыпты". Күні бүгінге дейін жабысқан сағыздың қалыңдығы 10 сантимертге дейін жеткен. Биіктігі 4,5 метрге жетсе, ұзындығы 15 метрге жеткен. Қазір қала әкімшілігі қабырғаны тазалауға кіріскен. Алайда бұл дәстүр жалғасын табуы мүмкін, себебі қала қонақтары осы қабырғаны көруге және өз қолтаңбасын қалдыруға келеді. Қала әкімшілігінің айтуы бойынша оларға тыйым сала алмайды, сол үшін ай сайын тазалық жұмыстарын жүргізетін болып шешіпті.