- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Романтиктерге арналған мейрамхана...
Романтиктерге арналған мейрамхана
Фото:
bossluxury.com
Сүйіктіңмен кешкі ас ішіп, романдикаға бөленгенге не жетсін. Онымен қоса мейрамхана теңіз жағалауында үңгір ішінде орналасқан болса ше? Тіпті сөзбен айтып жеткізудің өзі қиын. Италия нақышында салынған үңгір мейрамхана Италияның оңтүстігінде Полиньяно-а-Маре қаласында орналасқан. Бұл мекенге келген жұп тек тамақтанып қана қоймай, сонымен қатар Адриатик теңізінің таңғажайып көрінісін тамашалайды.
Бұл жер неолит дәуірінен бері бар. Кезінде Грекия колониясында болған. Мейрамхана сонау 1700 жылдардан бері жұмыс істеп келеді. Жергілікті ауқатты адамдар осында жиналып, уақыттарын тап ертедегідей етіп өткізген деседі.
С. Ерсін