Пармезан ірімшігі Италия елінде құнды болғаны соншалық, кейбір банк ғимараттары да оны сақтауға дайын. Ол қатты, сынғыш, ащы. Оны жұқа етіп кесу керек. Алмұрт, грек жаңғақтары қосылған түрлері шығарылады. Көбіне пастаға, ризоттаға, омлетке қосып жатады. Орташа есеппен 100 грамда 392 ккал бар.
Осындай ірімшік сақтаушы банктердің бірі – Кредито Эмилиано. Оның қорында 14-17 кг аралыында 300 000-ға жуық ірімшік сақталған. Мұның жалпы соммасы 200 миллион еуроға бағаланды.
Ірімшік банкінің өзге банктерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Оның шекарасына көптеген камера қойылып, арнайы дабыл қаққыштар орнатылған. Жалғыз айырмашылығы бар, бұл ірімшік алтын және бағалы заттар тұратын қоймада жасырылады. Пармезанның қымбат болғаны соншалықты, Кредито Эмилиано банкіндегі ірімшік үш рет ұрланған.