Римнің ең көрнекті орындарының бірі - Колизей амфитеатрының айналасын түгел қоршау қолға алынды. Күн сайын ағылып келетін туристерді тастардың құлап кетуінен сақтандыру үшін осылай жасауға тура келіп тұр.
Мұндай қадамға итальяндықтар соңғы жылдары ескі теaтрдың қирауына байланысты барып отыр. Біз сіздерді осы уақытқа дейін Колизей амфитеатрында жөндеу жұмыстары жүргізілетінінен хабардар еткенбіз. Жөндеу жұмыстары осы жылдың желтоқсан айының басында басталып, 2015 жылдың маусым-шілде айларына дейін жүргізілетін болады. Соңғы кездері жауған толассыз жауын ескі театрға зиянын тигізуде.
Археологиялық қызмет тобының айтуынша, амфитеатрдың сыртын қоршаған шойынның ескерткішке еш кері әсері тимейді. Шойын қоршау театрдан 5-16 метр қашықтықта тұр.
Өткен жылдың шілде айында итальяндық бір басылым Колизейдің оңтүстік жағының құлау қаупі бар екендігінен хабардар еткен болатын.
Ежелгі амфитеатрға жөндеу жұмыстары түрлі кезеңдер бойынша жүргізілетін болады. Желтоқсан айының соңына жоспарланып отырған алғашқы кезең бойынша, ескерткіштің солтүстік және оңтүстік маңдай бетін тұрғызу жұмыстары басталатын болады.
Колизей 72-80 жылдары император Веспасиан Флавийдың әмірімен салынған. Алғашында бұл ескерткіш гладиатор батырлар ғана көңіл көтеретін орын болған.
Қазіргі таңда Колизей Рим қаласының көне көрікті мекендерінің бірі. Жыл сайын көне амфитеатрды өз көзімен көру мақсатында жердің түкпір-түкпірінен туристер ағылады. Италия басшылығы Колизейге тарихи ескерткіш деп қарайды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: biancoloto.com