Америкада Санта-Моника қаласының аялдамаларының бірінде ерекше мүсін бар. Мүсін ядолық жарыс кезіндегі «Тізбекті реакцияны» бейнелейді. Ол түгелімен темір шынжырдан жасалған. Жоба авторларының айтуынша, мүсін жер шарындағы бейбітшіліктің белгісі екен.
Адамзат баласы қатты сезіктенетін ядолық соғыс салдары өте ауыр. Себебі табиғат ананы бір мезетте тас-талқан ете алатын атом бомбасы жер шарын түгелдей жойып жіберуге қауқарлы. Ал мына мүсін бейбіт заманның әлдеқайда жақсы екенін көрсетеді.
Мүсінді 1991 жылы Пол Конрада саяси карикатура етіп жасаған. Бұл үшін ол «Пулитцер сыйлығын» иеленген. Мүсінші мұнысымен адамзатқа үндеу тастағысы келген.
Тізбекті реакция мүсіні – 8 метрлі саңырауқұлақ бұлтынан тұратын тапқыр туынды. Бір қарағанда мүсін тек темірден жасалған сияқты, алайда оған материал ретінде шыны, бетон және темір металл пайдаланылған. Мүсіннің салмағы – 5 тонна.
Ұқсас жазбалар:
Жапония неліктен "Күншығыс елі" деп аталады?
"Жедел пернелермен" қалай жұмыс істеуге болады?