Мәскеу - Нерюнгри бағыты бойынша кетіп бара жатқан пойыздың жолаушысы тамбурға шығамын деп абайсызда вагоннан құлап түсті.
Темір тұлпар бұл кезде Амур облысының территориясында адам баласы өмір сүрмейтін далада жүйткіп бара жатты. Дегенмен 42 жастағы жігіт ағасы саспастан пойыздың артынан жүгіре берген. Осылайша ол жүгіріп отырып 7 шақырым қашықтыққа орналасқан Рихард Зорге станциясына дейін жеткен. Цельсий шкаласы бойынша -40 градус аязда сыртқа шығып қалған оның денсаулығына айтарлықтай нұқсан келмеген. Айта кетелік, азаматтың үстінде кәдімгі жұқа үй киімі ғана болған.
"Мен таза ауа жұтайын деп тамбурға шыққанмын. Орныма қайтар кезде есіктен шатасып, сыртқы есікті ашып жіберіппін. Неге екені белгісіз, бұл есік құлыптаулы болған жоқ. Сөйтіп, бір сәтте рельстрдің ортасына тап болдым. Үстіме кигенім футболка мен трико болды. Осылайша -40 градус аязда қалып қойдым", - деп сұхбат берді жолаушы журналистерге.
Нәтижесінде азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, оқиғаның себептерін анықтауға арналған комиссия құрылды.
Жолаушының қазіргі хал-жағдайы жайында әзірге ақпарат жоқ.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: tourdream.net