- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Польша велосипедшілеріне қатты...
Польша велосипедшілеріне қатты жүруге жол жоқ...
Польшаның бір велосипедшісі фоторадарға түсіп қалған кескіндердің кесірінен (қала ішінде жоғары жылдамдықта жүргені үшін) айыппұл төлеп отыр. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлай кетті.
Польшаның солтүстігінде орналасқан 18 жастағы Косцежина қалашығының тұрғыны қызық оқиғаға тап болып отыр. Осы бір белгісіз азаматымыз сағатына 30 километр жылдамдықпен құйындатам деп, жағдайын қиындатып алды. Себебі, аталған елдің заң-законы велосипедшілерге келгенде тіптен қатал болып саналады. Мәселен, велосипедшіні мас күйінде ұстап алса, айыппұл салып, құжатынан айырып, керек болып жатса темір тордың ар жағынан бір-ақ шығаруы да әбден мүмкін.
Қазіргі таңда Польшада айдау құқығынан айырылған бес мыңға жуық велосипедші тіркеліп отыр. Бұл тұрғысынан алғанда шап-шағын елдің құқық қорғау органдары да заңның шектен асқанын жасырмайды. Бірақ, айыппұл салынған велосипедшілердің ақталып кететін кездері де болады екен. Мәселен, қандай жылдамдықпен кетіп бара жатқанын анықтайтын спидометрдің жоқтығы дегендей...
Осы бір айыпталушымыз өзінің қалай ұсталып қалғанына аң-таң болып отырғанын жасырмайды. Жас жігіттің сөзіне сенсек, бір танып қойса көршісі болуы мүмкін деген де күдігі жоқ емес. Ең қызығы, қалалық милиция бөлімінің бастығы Себастиан Рецлав та кезінде шайтан арбаны біразға дейін ермек қылса керек. Себебі, білдей бір қаланың бастығы әр велосипед жүргізушісінің жылдамдықты әрқалай бағамдайтынын тілге тиек етіп, қолынан келсе велосипедшілерді жақтау жағында...
Сурет:kp.ru/go/http:/rian.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига