Техаста туылған Алекса Фишерді бір көргенде он жастағы өз қатарластары секілді қарапайым қыз бала деп қаларсыз. Сөйтсек, олай емес екен. Ең алдымен, покер ойынында қолында тұзы бар аға-ойыншыларды ұтып көріп пе едіңіз?
35 жастағы қыз әкесі Джастин албырттықтан алыс жатқан ойынға үйрету үшін үш жылын жұмсаған. Сол арқылы қызының математикалық қабілетін арттырғысы келіпті.
Алекса бар-жоғы үш жасында кітап оқып, үш жасында карта әлеміндегі құпияларды түгелдей дерлік білетін болған. Одан кейін төрт жасында алдампаздық ілімінің қыр-сырын жетік меңгеріп, карта әлеміндегі түсініктерді бес саусағындай білген екен. Ал сосын бес жасында техастық және өзге де карта ойындарында шеберлік шыңында танымын көрсете бастапты.
Қазіргі таңда бұл қызымыз көрнекі ойын сабақтарын ұйымдастырып тұрады және одан түскен бар қаржыны қайырымдылық шараларына аударатын көрінеді.
2009 жылы тікелей эфирде өткен айтулы жарыстардың бірінде покер ойнайтын ең жас ойыншы есепті рекорд орнатқан.
Өкінішті-ақ, штат заңы бойынша жасы жиырма бірге толмай Лас-Вегас казиноларына бас сұғып, ондағылардың бар қаржысын жымқырып алуға рұқсат етілмеген.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/XZNEalDLy5c","width":"450","height":"240"});