Пианист-велосипедист

Пианист-велосипедист

Пианино бір орыннан бір орынға ауыстырып, қолдан қолға алып жүре беретін қарапайым зат емес. Алайда пианист-велосипедист Гэри Скэггз өзінің үш дөңгелекті “Piano Bike” фортепианосымен Сан-Франциско жағалауын емін-еркін аралап жүр.

Аталған аспапта үш жасынан ойнап үйренген Гэриге 2006 жылы керемет ой келеді. Бірақ, бірден өз ойын жүзеге асыру мүмкін болмапты. Себебі, 80 доллар тұратын ескі аспап түріне ақшасы жетпеген. Дегенмен, кейіндеу барып сәті туған көрінеді.

Өз өнертабысын “St. Frankenstein” (“Қасиетті Франкенштейн”) деп атағанды жөн көрген. Алайда, көпшілік адамдар осы бір шағын ғажайыпты “Piano Bike” деп атайды екен.

сурет:drunov.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига