Сингапурда Parkroyal атты отель-бақша ашылды.
Ғимаратты жобалаушы WOHA архитектуралық бюросының өкілдері осы арқылы тас ғимарат пен бақшаның синтезін жасағысы келгенін айтты.
Сырты әйнекпен қапталған ғимарат түрлі өсімдіктермен безендірілген.
Отельдің әрбір 4-қабатында пальма, жасмин егілген платформалар бар.
Дизайнерлер заманауи стиль мен ежелгі азиялық дәстүрлерді біріктіруге тырысқан.











Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
Massaget