- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Пандемия кезінде қазақстандықтар...
Пандемия кезінде қазақстандықтар бара алатын 11 ел
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың шетелге шығу мүмкіндігі мен өзге елдердің шектеуі жайлы ақпарат жариялады. Қазіргі таңда қазақстандықтар 11 елге бара алады.
Беларусь
goodfon.ru
ҚР азаматтарына виза қажет емес.
- әуежайлар ашық;
- Covid-19 анықтамасы қажет емес;
- 14 күндік үй карантинінде оқшаулану керек.
Біріккен Араб Әмірліктері
vipkztour.com
ҚР азаматтарына виза қажет емес.
- Дубай әуежайы ашық;
- БАӘ-не баратын жолаушылардың КВИ COVID-19 анықтамасы (мерзімі 96 сағат) болған жағдайда ғана олар ұшаққа отырғызылады;
- Дубай әуежайында жолаушылар медициналық декларацияны толтырады және қайта тест тапсырады (12 жасқа толмаған балалар және мүмкіндігі шектеулі адамдар тест тапсырудан босатылады). Оң нәтиже көрсеткен жағдайда 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту қажет;
- халықаралық сақтандыру полисі болуы қажет;
- 30 күннен аспайтын кері қайту ұшақ билеті және қонақ үйдің брондалғанын растайтын құжат болуы керек;
- міндетті түрде қоғамдық орындарда және сауда орталықтарында маска тағу қажет (тақпағандарға 1 000 дирхам (274 доллар айыппұл салынады);
- транзит бағытымен ұшу рұқсат бар (егер рейстің уақыты 96 сағаттан асатын болса, ел аумағына кіруге болады).
Германия
journal.tinkoff.ru
Белгісіз мерзімге дейін ел аумағына кіруге шектеу қойылған.
- Әуежайлар ашық;
- COVID-19 анықтамасы қажет емес;
- 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек
- транзит бағытымен ұшуға рұқсат бар (мерзімі - 24 сағат, елге кіруге болмайды).
Германия визасы тек келесі санатқа жататын Қазақстан азаматтарына беріледі:
- медициналық персоналға;
- жүктерді тасымалдау саласындағы және басқа да қажетті бағыттардағы көлік компанияларының қызметкерлеріне (мысалы, әуекеменің экипаж мүшелеріне);
- ресми сапар мақсатымен баратын дипломаттарға, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлеріне;
- шұғыл отбасылық жағдаймен баратын тұлғаларға;
- халықаралық қорғау немесе өзге гуманитарлық себептермен баруға мұқтаж адамдарға;
- отбасы бірігу үшін баратын адамдарға;
- нақты жұмыс ұсынысы бар мамандарға;
- ғылыми қызметпен айналысатын зерттеушілерге;
- IT-мамандарына;
- қоғамдық маңыздылығы бар ерекше жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге;
- студенттерге;
- қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне.
Мысыр
bankstoday.net
ҚР азаматтарына анықтама қажет. Ағылшын немесе араб тіліндегі аудармасы қажет. Мерзімі – 72 сағат.
- Әуежайлар ашық;
- COVID-19 анықтамасы қажет;
- қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қоңақ үйлерде маска тағу қажет.
Нидерланд Корольдігі
kuku.travel
Белгісіз мерзімге дейін елге кіруге шектеу бар. Тек дипломатиялық виза беріледі.
- әуежайлар ашық;
- COVID-19 анықтамасы қажет емес;
- 14 күндік үй карантинінде оқшаулаудан өту керек;
- транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі - 24 сағат);
- қоғамдық көліктерде, сондай-ақ Амстердам және Роттердам қаласының кейбір жерлерінде маска тағып жүру міндетті (маска тақпағандарға 95 еуро айыппұл салынады);
- барлық қоғамдық орында 1,5 м арақашықтық ұстану қажет (аталған талапты бұзғандарға 390 еуро айыппұл салынады).
Оңтүстік Корея
© GORANQ
Виза тек аса қажет кезде және тиісті комиссияның оң шешімі негізінде беріледі (емделуге, жақын туысы қайтыс болған жағдайда).
- әуежайлар ашық;
- COVID-19 анықтамасы қажет (мерзімі – 48 сағат). Сондай-ақ, анықтама Қазақстандағы Оңтүстік Корея елшілігімен танылған медмекемелер мен клиникалардан ғана алынуы тиіс;
- тиісті түрде электрон бақылау мен арнайы қоңақүйде 14 күн карантинде оқшаулаудан өту керек (бағасы: 1 күн – 120-150 АҚШ доллары);
- келушілер 3 күн ішінде COVID-19 індетіне қатысты тест тапсыруы керек;
- транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі - 24 сағат).
Қырғызстан
manas.news
ҚР азаматтарына виза қажет емес.
- әуежайлар ашық;
- COVID-19 анықтамасы қажет емес;
- тек паспорт арқылы;
- 14 күн үй карантинінде оқшаулану керек;
Өзбекстан
34travel.me
ҚР азаматтарына виза алу қажет емес.
- әуежайлар ашық;
- COVID-19 анықтамасы қажет емес;
- тек паспорт арқылы.
Ресей
ҚР азаматтарына виза алу қажет емес.
- Әуежайлар ашық;
- COVID-19 анықтамасы қажет;
- аптасына 1 рет Нұр-Султан – Мәскеу бағытымен рейстер ұшады;
- тек қана әуеқатынасқа қатысты шектеулер жоқ, алайда құрлықтағы бақылау бекеттерінен өткенде шектеулер сақталады.
Түркия
90 күнге дейін визасыз жүруге болады.
- әуежайлар ашық;
- Covid-19 анықтамасы қажет емес;
- ел аумағына кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисі болуы қажет;
- барлық жолаушы терминал мен ұшақтарда маска тағуы міндетті. Бетперде кимеген жолаушылар терминал мен ұшаққа жіберілмейді және 123,00 АҚШ доллар айыппұл салынуы мүмкін;
- терминалға кіре берісте жылу камераларымен жолаушылардың дене қызуы өлшенеді. Егер дене қызуы 37,8 градустан жоғары болса немесе КВИ COVID-19 белгілері байқалса, арнайы медорталықтарда тест жасату міндетті. Барлық халықаралық әуежейларда арнайы "Тест орталықтары" бар және тест тегін жасалады. Тест нәтижелері 1-3 сағатта шығады. Егер тест нәтижесі оң болса, жолаушы жеке ауруханаға жіберіледі. Ауруханада жасалған бақылау қорытындысы бойынша жолаушы ауруханаға жатқызылады. Егер де "ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, оқшаулау жеткілікті (14 күн)" деген қорытынды айтылса, жолаушы өзі тұратын қонақүйге немесе үйіне бара алады. Жолаушылар қонақ үйлерде науқастар үшін арнайы дайындалған оқшаулау бөлмелерде емделуін жалғастыра алады.
Украина
wondersholidays.com
ҚР азаматтарына виза қажет емес.
2020 жылғы 28 қыркүйекке дейін елге кіруге шектеулер орнатылды.
- әуежайлар жабық;
- COVID-19 анықтамасы қажет (мерзімі – 48 сағат) немесе жолаушы әуежайда тест тапсырады;
- 14 күндік карантин қарастырылған;
- ел аумағына кірер алдында жеке медициналық сақтандыру полисі болуы міндетті. Сақтандыру полисін Украинада тіркелген компаниядан немесе ел аумағында өкілдігі бар халықаралық сақтандыру компаниясынан алу керек;
- қоғамдық орындарда және сауда орталықтарында маска тағу қажет;
- өзімен бірге жеке басын куәландыратын төлқұжат (паспорт) алып жүруі керек;
- транзит бағытымен жүруге рұқсат бар (мерзімі - 24 сағат).