- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Пабло Эскобардың жекежайы...
Пабло Эскобардың жекежайы арт-қонақүйге айналды
Атақты колумбиялық лаңкес, аса ықпалды қылмыскер Пабло Эскобардың өмірі көпшілікті қызықтырары анық. Өйткені, кедейліктен көз ашпаған Эскобардың дәулет пен даңққа қалай қол жеткізгені және оның есімін естігендердің төбе шашы тік тұратындай жағдайға қол жеткізгені ешкімді бей-жай қалдырған емес. Эскобар есіміне қатысты аңыз-әңгімелер мен оның жеке заттарын жинақтайтын адам саны да аз емес.
Сондай коллекционерлердің бірі Лио Малка Эскобардың Мексика Тулум қаласындағы жекежайын сатып алған. Қазір жаңа иесінің есіміндегі Casa Malca жекежайы арт-қонақүйге айналды. Лио Малка идеясы бойынша онда түрлі өнер туындылары орналастырылған.
Жағажайлы курортта орналасқан үйден Жан-Мишель Баския, Джеймс Турнелл және басқа да танымал суретшілер жұмыстарын көруге болады. Олардың орны үнемі алмастырылып отырады. Бұл шара қонақтар өзін мұражайдағыдай сезінбей, керісінше, өнердің күнделікті өмірмен тығыз байланыста екенін көрсету үшін керек.
Бұрын жекежайда 9 бөлме болған. Қайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде олардың саны 35-ке жетті. Үй иесі Лио Малка қонақүй жайлылығын арттыру мақсатында қосымша мейрамхана, бар және бассейн салғызған.
А. Оралқызы