Қазіргі таңда үй салудың үлкен мәселеге айналғаны рас. Біз сіздерге түрлі заттан үй көтерген ерекше жандар туралы айтуды жалғастырамыз.
Газа аймағының оңтүстігіндегі палестиналық азамат құммен үй тұрғызған. Құмды цементпен араластырған ол соңында құрылыс материалдары жетіспегендіктен, арасына қиыршық тастарды да қоса берген.
Ал мынау Норвегияның Хардангервидд өңіріндегі шөптен жасалған үй.
Ниссендегі мына лашық үй бұрын екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскерлерге арналған казарма рөлін атқарған еді. Кейін Энн Льюис пен оның жолдасының шеберлігі арқасында бұл жай мүлде өзгеріп шыға келді. Тіпті 2006 жылдың қазан айында үй 500 000 фунт стерлингке бағаланып, саудаға шығарылды.
Автомобиль шиналарымен жасалған мына үйді толықтай дерлік қоқыстан салынған деп айтуға болады.
Тяньцзинь қаласының жағалауында ескі фарфордың миллион қалдығынан салынған мына үй Фарфор мұражайы іспетті.
Швециядағы қонақ үйдің мұзды дәлізі – әлемдегі ең алғашқы мұзды қонақ үй саналады. Нөмірлердің температурасы - 5ºС.
Суретшілердің студиясымен қатар, тұрғын үй кешеніне айналған Лондонның шығысындағы «контейнер-қала» ескі жүк контейнерлерімен соғылған. Сол техникалардың көмегімен «Urban Space Management» құрылыс-компаниясы дәл осындай он бес үйді салып шықты.
Өз үйінің алдында тұрған жетпіс алты жастағы Эль-Борболлон өңірінің тұрғыны Мария Понс мына баспананы 2007 жылы пластикалық бөтелкелермен салып алған. Өйткені дұрыс баспана сатып алуға мүлде мүмкіндігі болмаған.
Кэролайн Барри мына үйді сабанмен, кесілген материалдармен және пластикалық бөтелкелермен соққан. Үй жылуландырылмаған.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: bigpicture.ru