- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Өз үйім –...
Өз үйім – өлең төсегім
Біз тұрғын үйлердің түр-түрін білеміз. Біреу баспананың арзанын іздесе, кейбірі өздеріне-өздері үй соғып алғанды қалайды. Қымбат материалдарды сатып алуға қалтаңыз көтермесе, қолда бар заттардан-ақ үй салып алсаңыз әбден болады. "Бұлай жасасам, ақымақтардың қылығын бастаған алғашқы адам болармын" деп қауіптенбей-ақ қойыңыз. Өйткені сізге дейін бұл тәуекелге талай адам барып қойған. Біз сіздерге түрлі заттан үй көтерген ерекше жандар туралы айтпақпыз.
Нивеллестегі ескі кофе дүкенінің көшірмесі (Бельгия). Бұл дүкен Carlsberg сырасының 14000 жәшігінен тұрғызылған. Құрылыс 2007 жылы басталып, "Сыра жәшігінен жасалған әлемдегі үлкен үй" деген атпен әлемдік рекорд жаңартты.
2009 жылы Сюрреде «Top Gear» тобының жетекшісі Джеймс Мэй мен мыңнан аса еріктілер тобы ойыншық құрастырғыштардан жасалған әлемдегі ең алғаш үйді салып шықты. Құрылысқа 3,3 миллион пластикалық кірпіш кеткен. Үй ішінде әжетхана мен жуынатын бөлме де бар.
Пекин қаласынан пәтер жалдауға мүмкіндігі болмаған мына қытайлық азамат өзіне мынадай «жұмыртқа» үй салып алған. Үй бамбук таяқшалары және ағаш үгінділерінен тұрғызылған. Ерекше баспана далада тұрғын үй кешенің алдында орналасқан.
Ал аргентиналық суретші Тито Ингеньери мына үйді 30 мың бөтелкеден салып шыққан.
Суреттер: bigpicture.ru
А. Әбілхан