- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- От мерекесі...
От мерекесі
Бұл от жай от емес. Бұл Қысты жеңген Күннің нышаны...
Жалпы ел аузындағы сөздерге сенсек, айдың он үшінші жұлдызы - өте сәтті күндердің бірі. Әсіресе он үш жұмаға келген болса бес елі бақтың қожайыны атанамын деген сөздің белгісі екен. Ал үш - біздің халықта ықылым замандардан бері ерекше сандардың бірі екендігіне ешкімнің таласы жоқ болар...
Дәл осы күні Люксембург жерінде Бургзонндег атты от фестивалі ұйымдастырылады. Бұл күні қала көшелерінде есепсіз алау жағылып, күллі жұртшылық Көктем мен жаңа Күнді қарсы алады екен.
Жастар маусымның ауысуын атап өту үшін жақын маңдағы төбешіктерге шығып, алау (костер) жағады.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша, дәл бүгін, яғни наурыз айының он үшінші жұлдызында ел болып, жер болып көктемді қарсы алу дәстүрі өтіп жатыр. Айтулы шараны тамашалауға жиналған туристердің, қала қонақтарының санында шек жоқ.
Ал біз өз тарапымыздан "Қош келдің, Көктем!" дейміз.
Суреттер:vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева