Оңтүстік-Шығыс Индонезияның адам аяғын баса алмас орманды алқаптарында орналасқан Папуа ауданында коровай атты тайпа өмір сүреді. Рулық қауым өркениеттен, өзге әлемнен мүлде оқшау қалған. Олардың негізгі кәсібі – аңшылық пен терімшілік. Қоғамдық құрылысы да осыдан мыңдаған ғасыр бұрын өмір сүрген ең алғашқы тайпалармен өте ұқсас келеді.
1974 жылғы голландтық миссонерлердің зерттеулеріне дейін коровай тайпалары туралы ешкім білмеген екен.
Коровай тайпасының адамдары жер бетінен 6-12 м, тіпті 32 м биіктікте орналасқан ағаш үстіндегі үйлерде өмір сүреді. Үй бір ғана ағаш үстіне салынбаған. Көлемі үлкен үйлер бірнеше ағашты бойлай соғылған екен. Тайпа өкілдерінің түсінігінше, мұндай үйлер қауіпті жануарлардан ғана емес, теріс күштерден де қорғайды.
Үйді орналастыруға таңдалатын негізгі ағаш – Баньяна. Үйге кіру үшін ағаш кесінділерінен баспалдақтар жасалынған.
Коровай тайпалары – тамаша аңшы-терімшілер. 1990 жылдары туристік компаниялар оларға барып, бірлесе жұмыс жүргізу туралы ұсыныс жасайды. Олар әкелген кіріс компанияны үлкен жетістіктерге жеткізген.
1997 жылы Папуа ауданының жергілікті тұрғындары жинаған агару ағашының 1 келі жемісі 4 мың долларға бағаланған.
Расымен де таңқаларлық жағдай! Қаншама ғасыр бойы олар өздерінен басқа адамдар мен бөтен әлемнің бар екендігін білмей келген.
Коровай тайпалары туралы бірнеше деректі фильм түсіріліп үлгерді. 1993 жылы түсірілім тобының жасаған үй тұрғызу, терімшілікпен айналысу және олардың адам жейтіндіктері туралы деректі фильмі өте сәтті шықты. 2011 жылы тайпаны ВВС арнасындағы "Human Planet" бағдарламасынан көрсеткен болатын.
Суреттер:fishki.net,vmir.su,liveinternet.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева